Independent басылымының хабарлауынша, Стоктон-он-Тис (Stockton-on-Tees) кішкене британ қалашығындағы Air Fuel Synthesis атты аса танымал емес компания өкілдері таң қаларлық жетістіктерімен бөлісті.
Олардың айтуы бойынша, өздері ауадан жанармай жасап шығарған. Ғалымдар Air Fuel Synthesis атты тамаша қондырғының көмегімен тура ауадан және сутектен шығарылған көмірқышқыл газынан бес литр бензинді синтездеу жолымен алған.
Сутектен және көмірқышқыл газынан алынған бензиннің техникалық процесі:
Питер Харрисон (Peter Harrison) компаниясы өкілдерінің айтуы бойынша, алынған сұйықтық бензинге ұқсас, көзге көрінеді және иісі бар, бірақ бұл мұнайдан алынған бензинге қарағанда өте таза өнім. Харрисон “Менің білуімше, біздің елімізде және басқа шет елдерде бұрын-соңды бұндай өнімді ешкім жасамаған”- деп мәлімдеп, жаңалығын Лондондағы механикалық инженерлер Институтында көпшілікке ұсынды.
Өндірушілер алдағы екі жылда күніне бір тонна жанармай өндіретін зауыт құруды жоспарлап отыр. Болашақтағы олардың жетістіктеріне компания сенімділік білдіруде. Олардың жетістіктері тек қана энергетикалық кризиске емес, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін төмендетуге де көмегі болады.
Қысқасы, сутек пен ауадан алынған бензин қаржы жағынан тиімді. Бастысы - бұл үлкен жобаға бірінші қадам жасалды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: dailymail.co.uk