Өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд Monorhaphis Chini түріне жататын тереңдегі губкаға (теңіздегі омыртқасыз жануарлардың бір түрі) берілді. Оның әлемде пайда болғанына кем дегенде он бір мың жыл болған. Губкалар суда өмір сүретін көп жасушалы жануарлар болып табылады. Оларда бұлшықет, жүйке және асқорыту жүйесі жоқ. Губкалардың бокал, тостаған және ағаш тәрізді түрлері кездеседі.
Губкалар өмір сүру ұзақтығы бойынша ғана рекордшы емес, сонымен қатар Жерде өмір сүрген барлық жануарлардың арасындағы ең ежелгі жануарлардың бірі. Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары зерттеу кезінде 640 млн жыл жастағы тастардан органикалық молекулалар тапқан. Содан соң сол молекулаларға анализ жасаған. Молекула түріндегі іздерді қарапайым теңіз губкалары қалдырған болып шықты.
Өмір сүру ұзақтығы бойынша рекордшылар тақырыбына оралсақ, олар барлық тіршілік иелерінің арасында бар екені анық. Мысалы, Мин атты ұлу 507 жыл өмір сүре алған. Бұл ерекше құбылыс, себебі ондай тіршілік иелері 225 жыл шамасында өмір сүреді. Сүтқоректі жануарлар арасындағы рекорд гренландық киттерге жатады. Олар өздерінің екі жүз жылдығына дейін өмір сүре алады. Теңіз мекендеушілерімен қатар құрлық жануарлары да таңғалдырады. Мысалы, Джонатан атты альдабр тасбақа 180 жылдан аса өмір сүрген.
Homo sapiens (ақыл иесі) түрінің заманауи өкілдерінің орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жылды құрайды.