Ғалымдар CO2 газын оңай сіңіретін жаңа материал ойлап тапты

Ғалымдар CO2 газын оңай сіңіретін жаңа материал ойлап тапты

Монаша университетінің ғалымдары көмірқышқыл газын өте көп мөлшерде сіңіре алатын жаңа материал жасап шығарды. Ғалымдар өз жұмыстарына металлорганикалық қаңқалы құрылымды құрамды пайдаланған екен.

Мамандардың сөзінше, жаңа материал бұрынғы технологияларға қарағанда арзан бағасымен ерекшеленіп, өндірістегі көмірқышқыл газын азайту жұмысына үлкен әсерін тигізуі ықтимал.

1

"Қазіргі кездегі CO2 газын сіңіру процесі сұйық материалдар көмегімен жүзеге асырылады және өте қымбат тұрады. Сондықтан жаңадан жасалған материал экология саласында таптырмас өнім болып отыр",-дейді зерттеу тобының басшысы.

Металлорганикалық қаңқалы құрылғы бірнеше саңылаудан тұратын материал ретінде жасалған. Ол осы формасы арқасында зиянды газды көп мөлшерде бойына сіңіре алады. Ал материал бойына сіңірілген газды қайтадан шығару үшін фотосезімтал азобензолды молекулаларды пайдаланады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: directpress.ru


Б. Қосмағамбет