Миссури университетінің ғалымдары таңғы ас кезінде қуырылған жұмыртқа мен ет жеу семірмеуге мүмкіндік береді дейді.
Ғалымдардың айтуынша, ақуызға толы таңғы ас тәбетті арттырып, қарын тойдырады. Бұл түнгі уақытта тамақтануға деген ниетті жоқ қылады.
Зерттеу нәтижесінде таңертең жеңіл тамақтанған адамдың күні бойы тым көп тағам жейтіні анықталған. "Көмірсу мен майға толы тамақтар аштықты қысқа уақытқа ғана басады. Сол себепті адам кешке дейін не болса, соны аузына тыққыштай береді", - деді ғалымдар.
Арықтау туралы басқа да материалдарды мына жерден оқыңыз.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: Массагет мұрағатынан