- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалым: әлеуметтік желілер...
Ғалым: әлеуметтік желілер есте сақтау қабілетін "ластайды"
Стокгольм университетінің бір топ ғалымдары әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт бойы отыру адамның жедел есте сақтау қабілетін нашарлатады деген тұжырымды айтып отыр.
Мидың белсенді қолданатын ақпараттары біздің жұмыс, яғни қысқа мерзімді жадымызда сақталып тұрады. Ал әлеуметтік желілерде отыру мидың қажет емес ақпараттардан арылуына мүмкіндік бермейді екен. Сенсорлы (сөздер, видеолар) ақпараттарды өңдеуде де осы жұмыс жады зор қызмет атқарады. Сондықтан, оның мүмкіншіліктері азая түспекші.
Оның үстіне желілерде жазылған маңызды емес, яғни, артық ақпараттар жадымызды толтырып, қоқыстандырып жібереді. Швед ғалымдардың айтуынша, бұдан кейін адамның сараптамалық-аналитикалық қабілеті нашарлап, ойлау әлдеқайда анайылына түсетін көрінеді. Нәтижесінде, адам ақпаратты дұрыс қабылдай алмай, бірте-бірте ақылсызданады екен.
Ал сізде осындай жағдайлар байқалды ма? Швед ғалымдарына не айтасыз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: thinking.bohdanvorona.name