- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғаламторда .қаз домені...
Ғаламторда .қаз домені пайда болады
Халықаралық ICANN корпорациясы (Ғаламтордағы домендік аттарды тіркеу мен IP-мекен-жайларды ұйымдастыру шараларымен айналысатын ұйым) жақында жаңа .қаз доменін қолдану мүмкіндігін мақұлдап, оның ұйымдастырылуын Қазақстандық IT-компаниялар Қауымдастығына жүктеген болатын. Бұл туралы ұлттық үйлестіру орталығының ресми сайтында хабарланды. Жаңа қазақ домені кириллица әліпбиін қолдағанымен, .қаз домендік атта кириллицаның қазақша нұсқасы қолданылып тұр. Бүкіл дүниежүзінде қазақ тілін меңгерген 10 миллионнан астам адам болса, Қазақстанда ғаламтор қолданушыларының саны - 4,3 миллион немесе бүкіл халқымыздың 41 пайызы.
Ұлттық үйлестіру орталық директоры Андрей Колесниковтың айтуы бойынша "Кириллица ғаламторда өте көп пайдаланылатын әліпбилердің бірі. Кириллица жазуын қолдайтын жаңа доменнің пайда болуы ғаламтордың дамуына оң ықпалын тигізеді".
Айта кететін жайт, ұлттандырылған жоғарғы деңгейдегі домендік аттар кез келген елде кездесе бермейді. Қазіргі таңда олардың саны - 30-ға жуық. ICANN ұйымы кез келген келіп түскен ұсыныстарды мақұлдай бермейді. Осылайша, жақын арада ICANN .ελ (Греция) и .бг (Болгария) домендік аттарды тіркеуден бас тартқан болатын. Себебі, бұл нұсқалар бұрын тіркелген домендік аттарға ұқсас болып келген.
Әзірге, Қазақстандық IТ- компаниялар қауымдастығы жаңа домендік аттарды тіркеу ережелері жайлы сөз қозғамады.
Форумда талқылау.
Cурет antonblog.ru сайтынан