Ғаламшардағы ең кәрі жәндік

2005 жылы бір топ ғалымдар Исландия жерінен жарма ұлуды тауып алады. Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінде ол ғаламшардың ең кәрі жәндігі болып танылды. Бақалшықтардың ішкі жағындағы дөңгелегі 405 жыл бұрын пайда болған деген тұжырым айтылды. Ал оған қытайлық әулеттің құрметіне Мин деген атау берілді.

Ал таяуда ғалымдар есеп-қисапта қателік жібергендерін мойындап отыр. Шын мәнінде, Мин ұлуының жасы жоғарыдағыдан 102 жылға үлкен екен, яғни, ол бес ғасыр бұрын жаратылған.


Дөңгелектің тым жұқа болғандығы қателіктің себебі болып отыр. Жәндіктің өте баяу зат алмасу үдерісі әлем ғалымдарын қайран қалдырды.

Өкінішке орай, ұлу 2006 жылы қайтыс болған, бірақ оның қабыршағын зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін тоқтаған емес. Дөңгелекшелердің қалыңдығын зерттеу арқылы соңғы бес ғасыр бойындағы мұхит температурасын анықтау да жоспарға қойылған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет:lenta.ru