- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалам қызықтары...
Ғалам қызықтары
Әлем қызықтары назардан тыс қалмасын. Ендеше, үздік топтамаларды қарап шығыңыз.
Оятқыш пайда болмай тұрып, Англия мен Ирландияда "оятқыштар" мамандығы деген ұғым пайда болыпты. Ол қалай десеңіз, күнде таңертең адамдар тобы ұзын ағаш пен түтікшелерге тас салып, терезелерді атып, оятқан екен.
Танауға барар иіс сол жақ пен оң жақ тұстан иіскегеніңізге байланысты ми тарапынан әртүрлі қабылданады.
Толғатқан әйелдің қиналысын бастан өткеруге ерлерге арналып аппарат жасалып шығарылыпты.
Миллиондаған қытайлық қыз-келіншек әлеуметтік желілерге өздерін өлтіруге ешқашан бармайтындықтарын айтып, арыз жазып қалдыруда. Оған себеп: Қытай полициясы бір әйелдің өлімін қылмыс орын алды деген гу-гуге қарамастан,"суицид" деп тапқанға ұқсайды.
Бірде Джонни Депке бастауыш сынып оқушысы хат жолдаған. Әлгі хатта әйгілі актерден және теңіз қарақшыларынан көмек сұрай жазыпты. Содан не керек, арты не болған десеңіз? Депп мырза мектеп табалдырығын капитан Джек Воробейдің киімімен аттап, жүріп жатқан сабақты бұзған.
Қанқұйлы коррида ойынында бұқа, шын мәнінде, матадор киген қызыл түсті киімге қарап, бұлқан-талқан болмайды (киімді мулета деп атайды). Бұқалар түсті мүлдем ажыратып жатпайды... Шындығында, қызыл түс бұқа жаралаған жағдайда қан ізін жасыру үшін қолданылады.
1969 жылы америкалықтар төрт аяқты алып құлтемір жасап шығарған ("Жүретін жүк машинасы"). Ол бүтіндей бір джип көлігін көтере алған және 8 км/сағ. жылдамдықпен жүріпті. Алайда, үлкен өнеркәсіпке жол тартпаған. Ал құлтемірдің әр бөлігін жеке басқарып отыратын оператор 15 минутта-ақ бүкіл күш-жігері таусылып, сүлесі қалған.
Дакрифилия – жанындағы адамның көз жасынан рахат сезімге бөлену. Мұндай адамдар әрқашан жанында жүрген адамын жылауға дейін жеткізіп, өз кезегінде содан ләззат алады.
Леонардо Ди Каприоның бірінші агенті актерге "Ленни Уильямс" ныспысын алуды ұсынған. Өйткені, агенттің ойынша, жас жігіттің тегі тым мәдени естіледі екен-міс.
Жапонияда 90 пайыз асырап алынғандар – 20-30 жастың төңірегіндегі ересек жандар. Көбіне белді бизнесмендер өз істерін жалғастыруға дәл осы жастағы адамдарды асырап алатын болып шықты.
Шанхайдың (Қытай) сырт бөлігінде "Елестер қаласы" бар екен. Онда Париждегі Эйфель мұнарасының көшірмесі тұр.
Ежелгі Римде дәрігерлер қояншық ауруына мың да бір ем ретінде гладиаторлардың қанын қолданған.
Сурет: ehow.com; rusmontreal.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига