Чили мемлекетінің солтүстігіндегі Анд тауларында орын тепкен ALMA ғарыштық бақылау орталығы бұрын соңды болмаған процесті суретке түсіріп алды. Аталған телескоп "Құс Жолы" галактикасындағы жаңа Күннің өз орбитасын қалыптастыру үдерісіне куә болыпты. Жаңа Күн жүйесі Жерден шамамен 450 жарық жылына тең қашықтықта орналасып, біздің галактикаға өте ұқсас келеді екен.
"Біз тұңғыш рет мына суретті көргенде, оның соншалықты нақтылығына сене алмадық. Бұрын HL Tauri атауымен белгілі болған Күн жүйесінің жаңа үдеріс тауып жатқанына бір миллион жылдың шамасы болған болатын. Ал қазір ол жүйе диск пішініне келіп, айналасында жаңа ғаламшарларды іріктеу үстінде. Осы бірнеше суреттің өзі ғаламшарлардың қалыптасуы теориясын толығымен өзгертіп жіберуі мүмкін", - дейді ALMA жобасының жетекші ғылыми маманы Кэтрин Влахакис.
HL Tauri жүйесінің галактикада орналасуы
Қашықтан алынған суреттер жаңа ғаламшарлар өсін нақты көрсете алады. Сондай-ақ, бір материяға бағынатын ретті шар бағытының өзі анық көрінеді. Материяның айналасында пайда болатын айналым сақина кейпіне еніп, ғаламшарларды өз өсіне түсуіне итермелейді. Соңыра кезектесе жеке сақиналар пайда болып, олар әр ғаламшардың орбитасын қалыптастыратын болады.
HL Tauri жүйесін (солда) біздің Күн жүйемізбен салыстыру (оңда)
ALMA ғалымдарының айтуынша, қол жетімді ғарыштық суреттер галактика сақиналары мен ғаламшар орбиталарының қалыптасуына үлкен өзгерістер енгізуге жеткілікті екен. Сонымен қатар, ғалымдар бізге енді белгілі бола бастаған жұлдыздың біздің Күнмен жасы шамалас екенін де анықтаған.
Сурет: www.almaobservatory.org