- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Францияда салмақсыздық жағдайындағы...
Францияда салмақсыздық жағдайындағы ұшақ құрастырылуда
Zero Gravity атты жеке америкалық компания Францияда ішіндегі жолаушылар өздерін толық салмақсыздықта сезінетіндей ұшақ құрастырып жатыр.
Zero-G аталған жаңа ұшақ 2013 жылдың наурызынан бастап, туристерге коммерциялық ұшырылымдарды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ компания ұсынған қызметті микрогравитация жағдайын өз зерттеулеріне пайдаланғысы келетін ғалымдар да пайдалана алады.
Билет құны 6 мың долларды құрап отыр. Ұшу кезінде жолаушылар өздерін бар-жоғы 5 минутта ғана салмақсыздық жағдайында сезіне алады. Олардың қауіпсіздігінін тәжірибелі мамандар қадағалайтын болады.
CNES франциялық ғарыш орталығының хабарлауынша, 2013 жылы құрамында 40 ересек адамы бар 3 суборбиталық ұшырылым жоспарланып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: science.compulenta.ru
Б. Қосмағамбет