Adobe Systems компаниясы смартфонға арналған Photoshop Touch фоторедакторының нұсқасын көпшілік назарына ұсынды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұл бағдарламамен тек планшет қолданушылары жұмыс істей алатын еді.
Редактордың ұялы телефон және планшет нұсқалары толықтай дерлік бірдей: олар қабатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, суреттегі объектілерді бөліп алуға арналған құрал-саймандар ұсынылған (объект пішінін саусақпен белдеулеуге болады.
Photoshop Touch бағдарламасн iPhone 4S, iPhone 5, бесінші плеер iPod touch құрылғыларына және де Android 4.0 смартфондары мен ОС-тың соңғы нұсқаларына жүктеуге болады. App Store және Google Play дүкендерінде аталған қосымша бес доллар тұрады.
Photoshop Touch-тан басқа Adobe тағы бір мобильді фоторедактор ұсынып отыр - Photoshop Express деп аталады. Бұл бағдарлама тегін таратылады, алайда тек негізгі мүмкіндіктер ұсынылған: оның көмегімен суретті кесуге, контраст пен ашықтығын өзгертуге сондай-ақ, спецэффект қоюға мүмкіндік береді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: matric-ca.tv