Шетелдік БАҚ өкілдерінде Facebook-тің жаңа бағдарлмасы – смартфон-қосымша жайлы ақпарат пайда болды. Жаңа бағдарлама қолданушылардың тұрған жерін бақылайтын болады.
Аталған жоба 2013 жылдың наурыз айында жарыққа шығады деп жоспарлануда. Бір қызығы бұл бағдарлама қолданушы тарапынан іске қосылмаса да, өздігінен жұмыс істейтін болады.
Бұдан былай кез келген қолданушы өзінің достарының қайда екенін білетін болады, ал Facebook мамандары қолданушылардың жүріс-тұрысына, әдеттеріне анализ жасап, нәтижелерін жарнама берушілерге сатады.
Естеріңізге салсақ, Facebook-ке құпиялылық бұзылуы жөнінде айыптау 2009 жылдың желтоқсан айында түскен еді. Ол кезде аталған әлеуметтік желі қолданушылардың рұқсатынсыз жалпы мәліметтерді (аты-жөні, сурет, мекен-жайы, жыныс және де достарының толық тізімі) көпшілікке жария болатындай жасаған.
Кейінірек еуропалық реттегіштер Facebook-ке құпиялылық саясатын қайта қарау жөнінде өтініш білдірді.
Ақыры, 2011 жылдың соңында Фейсбук Еуропадағы қолданушыларын автоматты түрде бейнелерді танып-білу қызметінен өшіріп тастады.
Жаңа бағдарламаға көпшіліктің ойы қандай болары әзірге белгісіз. Ал сіздің ойыңызша, аталған бағдарлама қолданушыларға қаншалықты қажетті?
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: gigaom.com, theweek.com