- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Еврейлер неге табысты...
Еврейлер неге табысты халық?
Жер бетінде еврейлер сынды табысты халық жоқ. Әлемдік үш діннің екеуі – ислам мен христиан еврейлердің арқасында етек жайды. ХХ ғасырдағы үш басты идеологияның екеуі – капитализм мен социализм еврейлерге қарыздар. Нобель лауреаттарының 20%-дан астамын еврейлер құрайды. Әлемдегі ең мықты адамдардың басында еврейлер тұр, өнертабыс саласында да еврейлер аталады. Саны бар болғаны 13,4 млн. адамды құрайтын (жер шарының 0,2%-ы) халық мұндай жетістіктерге қалай жетті?
Ең алдымен кең тараған аңызды тартақатып алайық: еврейлер арасында ешқандай дуа жоқ, бірақ, ынтымақтастық бар. Олар басқа елде туып өскен еврейлерге жанын салып көмек береді. Сонымен, әлем мойындаған еврейлердің қандай ерекшеліктері бар?
1. Иудаизм діні еврейлерді таңдаулы халық деп мойындайды. Сондықтан болар, олар өздеріне өте сенімді. Ал өзіне деген сенімділік – сәттілікке деген алғашқы қадам.
2. Ұзақ уақытқа созылған оқшаулану. Еврейлердің көпшілігі басқа ұлтқа сіңісіп кеткендіктен, оларды тану қиын-ақ. Бірақ, тарихи жоспарда бұл таяуда ғана болған құбылыс. Мәселен, олар Еуропаға XVIII ғасырда ғана бейімделе бастады. Оған дейін оқшау болып келген. Яғни, оқшаулану мәдениет мен ген тазалығының сақталуына себепкер болды.
3. Шашыраңқылыққа қарамастан ауызбіршіліктің сақталуы. Б.з. 70-ші жылдарында Екінші Ғибадатхана құлатылғаннан кейін, еврейлер жан-жаққа бытырап кетті. Тіпті, бұл халық барып, қожайын болмаған жерді нұсқап көрсету қиын. Олар шашырап кетсе де, ешқашан ауызбіршілігін, ұйымшылдығын жоғалтпады.
4. Қудалану. Қиындық шынықтырады, ал еврейлерде қиындық деген бастан асатын. Шындығына келгенде қудалануға еврейлердің өзі себепкер болған. Сенің еліңде жүріп, ассимиляцияға ұмтылмайтын халық кімге ұнайды дейсіз? Одан басқа, орта ғасырларда еврейлер ауыл шаруашылығынан алыстай бастады. Олар қолөнер мен саудаға бет бұрды. Еврейлерде әрқашан ақша болды, ал ақша бар жерде қызғаныш пен көреалмаушылық қатар жүреді. Қарапайым адамдар мен бақуаттылардың көпшілігі еврейлерге қарыз болады екен.
5. Кәсіпкерлік тәжірибе. Еуропада капитализм орын алғанда, халықтың көп бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын. Феодалдар жер иесі болды да, кәсіпкерлікке биіктен қарайтын. Тіпті, алғашқы капиталистердің өзінде бизнес ақша жинау үшін емес, иелік сатып алып, ескі жер аристократия секілді өмір сүру үшін керек деген стереотип қалыптасқан еді. Ал еврейлер бұл ойдан ада болды. Олар ауылшаруашылығымен айналыспайтын, есесіне, еврейлерде кәсіпкерлік тәжірибе пен капитал бар. Сондықтан олар қай кезде болмасын жеңіске жетіп жүрді.
6. Еңбексүйгіштік. "Жетістікке қалай жетуге болады?" деген қысқа ғана сұраққа "Көп әрі қайратты жұмыс деген жауапты естисіз. Ал еврейлердің қолынан бұл келеді. Оған мәдениет немесе генетика себепкер. Жо-жоқ, екеуі де бірдей әсер етеді дегеніміз дұрыс болар...
Ал сіз еврейлер туралы не білесіз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: dic.academic.ru