Есінеудің сыры

«Біз неге түшкіреміз, есінейміз, керілеміз, ықылықтаймыз?» деп кейде өз-өзіңізден сұрайтын шығарсыз. Бүгін есінеудің сыры жайында әңгімелейміз.

Адам шаршағанда, ұйқысы қанбағанда, көңілсізденгенде, маңайындағы істерге зауқы соқпағанда немесе түн жарымына дейін жұмыс істегенде, таңертең төсектен тұрғанда, сондай-ақ жаурағанда үнемі есінейді.

Есінеу – шаршағандықтың белгісі

Есінеу де бейне денеге су жетіспегенде шөлдеген, асқазанда тамақ қалмағанда қарын ашқан секілді денеде бұрыннан бар рефлексті қимыл. Денені қорғауда оның белгілі рөлі бар. Айталық, шаршап қызмет істеу, үйрену барысында түн ауғанда қайта-қайта есінейсіз. Бұл адамды демалуға қозғағандық болып табылады.

Есінеу – шаршауды басады

Есінегенде екі көз жұмылады, ауыз күшпен ашылып, адам терең тыныс алады. Оның үстіне қол-аяқ, бет-ауыз, мойын бөлігі, тіл және көмекей бұлшық еттерінің керілу-жиырылуы іске асып, үлкен мидың әуелгі қозу қимылы уақытша әлсірейді, тыныс алу тереңдей түседі. Дененің айналадағы тітіркендіруге болған сезгіштігі төмендейді, осы қас-қағым сәтте адам бір мезет демалып қалады.

Таңертең ұйқыдан оянғанда үлкен ми қимылы тежелуден қозуға өзгере бастайтындықтан, бұлшық еттер әлі босаң күйінде тұрады да, тұла бой дел-сал, күш жоқ сезіліп тұрады. Дене осы кезде қалжыраған күйде болады, сондықтан адам толассыз есінейді, ұйқы шала болса, бұл жай тіпті күшейеді.

Рухы сергек, дене қуаты күшті, тұрмысы ритімді, үнемі дене шынықтыратын, жігерлі адамдар көп есінемейді. Дене қуаты әлсіз, ұйқысы шала, тұрмысы ретсіз, әрекеті аз, жалқау адамдар көп есінейді.

Көп есінегендерден дененің әсер көрсету қабілеті өте нашар екендігі білінеді. Қызмет, оқу-үйрену жақсы болмайды. Мұндай уақытта далаға шығып әрекет жасау, таза ауада демалу немесе жеңіл-желпі еңбек істеу қажет, ұйықтауға тиісті болғанда ұйықтау керек.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: spring.org.uk