Есімдер сырлары

Есімдер сырлары

Есім төңірегінде қызықты деректер көп-ақ. Солардың ең қызықты дегендерін назарларыңызға ұсынамыз.

1998 жылға дейін мағынасы "Астана" деген сөзді білдіретін бір ғана астана болды. Ол корей астанасы - Сеул қаласы. Ал екінші болып Қазақстан астанасы есептелді. Кеңес одағы заманында бұл қала Целиноград деп аталған, ал КСРО құлдыраған соң, қала Ақмола атауын иеленген еді. Тәуелсіз елдің астанасы Алматыдан ауыстырылған соң, жаңа астанаға "Ақмола" есімі сай келмей, оны "Астана" деп ауыстырды.

Әлемдегі ең биік сарқырама - Анхель (мағынасы "періште") Ауянтепуи шыңынан құлайды. Бұл атау жергілікті үндістер тілінен аударғанда "жын тауы" дегенді білдіреді.

Ит вальсі немесе орысша айтқанда Собачий вальс әр елде әр түрлі аталады екен. Мысалы, Германия, Бельгия, Нидерланды елдерінде - бүрге вальсі. Болгарияда - мысық маршы. Венгрияда - есек маршы, ал Францияда неге екені белгісіз, оны кескіленген котлет дейді екен. 

Электроника мен компьютер өндірумен айналысатын жаңа тайваньдық компанияның негізін салушылар компания атын мифологиялық қанатты ат Пегастың құрметіне беруді жөн көрген (ағылшын тілінде - Pegasus). Бірақ кейін телефон анықтамалығында бірінші қатарларда тұру үшін алғашқы үш әріпті алып тастап компанияға ASUS атауы берілді.

Париж қаласында сақталып қалған Сена өзені арқылы өтетін ең ескі көпірдің атауы - "Жаңа көпір". 

Уильям Хьюлетт пен Дэвид Паккард өз компанияларына ат қояр кезде, қайсысының есімі бірінші тұратынын анықтау мақсатында мәнет лақтырған. Нәтижесінде Паккард жеңгенімен компания атауы «Хьюлетт-Паккард» нұсқасына тоқталды. Айтылып отырған компания - компьютер жасау саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі HP («Хьюлетт-Паккард»).

Adidas компаниясы атауы компания негізін қалаушылардың бірі Ади Даслердің құрметіне берілген. 

Қазіргі кезде Венгрия астанасы болып есептелінетін Будапешт қаласы 1873 жылы Дунайдың түрлі жағалауында орналасқан Пешт, Буда, Обуда деп аталатын үш қаланың бірігуінен құрылған. 

Француз сүйісі бұрынырақта Русь елінде татар сүйісі деп аталған.

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

сурет: kondor-tour.kz

Ж. FM