Орманнан саңырауқұлақ жинауды ертегіден оқып немесе теледидардан көріп жүреміз. Бізге саңырауқұлақтың санаулы түрлері ғана таныс. Алайда әлемде саңырауқұлақтардың өте ерекше түрлері өседі екен. Ендеше, төменге көз жүгіртіңіздер.
Люминесцентті саңырауқұлақ
Chlorophos Mycena тізімнің алғашқы орнында тұруға лайықты саңырауқұлақ. Неон саңырауқұлақтар "Аватар" фильміндегі Пандора планетасында ғана емес, Жерде де бар екен. Неон саңырауқұлақтарды көру үшін Жапонияға немесе Бразилияға бару керек. Сол жерлерде жаңбырлы күндері осы ерекше жасыл саңырауқұлақтар көрінеді. Олар жеуге жарамды ма, жоқ па әлі белгісіз. Олар ағаштардың діңінде, құлап қалған немесе кесіп алынған бұтақтардың қасында, жапырақтар үйіндісінде немесе кейде жай топырақтың үстінде өсе береді. Күн батқанда олар ерекше әрі өте әдемі жанып, айналасының бәрін жарықтандырады.
Көк саңырауқұлақ
Бұл ерекше саңырауқұлақ Entoloma hochstetteri деп аталады. Үндістанда және Жаңа Зеландияда өседі. Оның тұқымы (спора) ғана қызғылт, қалған жерлерінің барлығы көк түсті болып келеді. Оның улылық дәрежесі толықтай зерттелмегенмен, оны жеуге тыйым салады.
Қанды саңырауқұлақ
Қанды саңырауқұлақ немесе Гиднеллум Пека (Hydnellum peckii) деп атаса да болады. Қанды саңырауқұлақ жанатын және көк саңырауқұлақтарға қарағанда кең тараған. Оны Солтүстік Америка, Солтүстік-Шығыс Тынық мұхиты, Еуропа, Иран және Корея ормандарынан табуға болады.
Құс ұясы
Мұндай да саңырауқұлақ бар. Оны Nidulariaceae деп атайды. Бұл көгерген саңырауқұлақтар Жаңа Зеландияда көптеп кездеседі. Саңырауқұлақ өз атауын алған пішіні тұқым таратуға ыңғайлы. Тұқымдар бар жұмыртқаларға жаңбыр суы жиналады, соңында "жұмыртқа" жыртылып, тұқымдарды 1 м қашықтыққа лақтырады.
Тарамды саңырауқұлақ
Hericium erinaceus саңырауқұлағын жеуге болады. Ол Амур облысында, Солтүстік Қытайда, Кавказда және Қырымда өседі. Оның дәмі асшаянның етіне ұқсайды. Бұл саңырауқұлақ медициналық мақсаттарда да қолданылады: иммунитет көтеру, гастрит, асқазан аурулары, аққандылық. Ормандарда тамыз айы мен қазан айы аралығында кездестіруге болады. Өте сирек кездесетіндіктен, көп жағдайда жасанды жолмен өсіріледі.
Жалғасы бар...