Ерекше достық

Ерекше достық

Жақсы дос – жан азығы. Достық - бұл адам өміріндегі ең маңызды нәрселердің бірі. Достық деген сөзге нақты анықтама беру қиын, тіпті анықтамасы жоқ деуге келеді. Себебі, әр адамның көзқарасы мен түсінігі әртүрлі. Тек өмірлік көзқарасы ортақ, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Демек, достық - ол тек адамдардың арасында ғана болады деген қатып қалған түсінік емес.

Коста-Рикалық Gilberto Shedden атты балықшы өлім ауызнда жатқан қолтырауынның өмірін ажалдан сақтап қалды. Нәтижесінде салмағы 450 келі, ұзындығы 5 метрге жететін азулы жыртқыш құтқарушысымен достасып қана қоймай, кейбір трюктарды орындауды да үйреніп алды. Айтар болсақ, қолтырауын бір көзін жабуды, қол алысуды және арқаға аунап түсуді біледі. 

Балықшы мен жыртқыш арасындағы айтарлықтай ерекше достық 20 жылға созылды, бірақ өкінішке орай қолтырауын өткен жылы дүние салды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM