Ғалымдар ер адамның әлсіз жері жүрек екенідігін дәлелдеді. Әйел адамдармен салыстырғанда ағзаларында жүректі қорғайтын экстроген гармондары аз.
Сол себептен ер адамдар көбіне жүрек талмасына ұшырайды. Мұнымен қатар, экстроген гормоны ішек обырынан сақтайды. Ал өкпе обырынан әйелдерді де, ер адамдарды да құтқаратын салауатты өмір салты. Ер адамдар темекіні көбірек тартатындықтан, осы аурудың түрі жиірек кездеседі.
Британдық дәрігерлер әйел затын нәзік жандылар деп атауымыздың себебін түсіндірді. Әйелдерге бұлшық еттерін қатайту ер адамдармен салыстырғанда 3 есе қиын болғандықтан буын аурулары, құздама секілді зауалдардан азап шегеді. Бұдан өзге психикалық денсаулықтары да ер адамдардан әлдеқайда төмен. Осыларды дәлелдеу үшін 100 000 адамды зерттеу нысаны етіп алуға тура келді. Бақылау қортындысы бойынша, нәзік және батыл жандыларымыздың ауруға төтеп беру төзімділігі анықталды. Дәлірек, ең бірінші кезекте әйелдер ер адамдардан күш жағынан әлдеқайда әлсіз. Өйткені олардың сүйектері кіші әрі сынғыш келеді. Екіншіден, иммунитет тапшылығына байланысты әйел адамдар иммундық буын ауруы, гипотиреоидизм секілді ауруларға жиі шалдығады. Ал ер адамдар шизофрения, аутизм секілді аурулармен көп ауырады.
Бұлшық ет салмағына гормондар тікелей әсер етеді. Әйелдердің салмағының аз болуы жылдамдыққа емес, икемділікке жақсы әсерін тигізеді.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lovestih.com