Ендігі жерде коммуналдық қызметтерді үйіңізден шықпай-ақ, egov.kz электрондық порталы арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды «ҰАТ» АҚ Баспасөз қызметі.
Әзірге бұл қызмет түрін Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Келешекте электронды қызметтің бұл түрі сатылы түрде еліміздің басқа қалаларында да пайда болмақ.
Бүгін «ҰАТ» АҚ тарапынан осыған орай арнайы акция басталғаны туралы да хабарланды. Атап айтқанда, коммуналдық төлемақыны онлайн төлеген алғашқы 50 адам 3-буындағы мобильдік байланыс пен модемді сыйлыққа алады.
Коммуналдық қызметтерді онлайн түрде төлеу туралы нақтырақ 1414 нөмірінен білуге болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: itt.tj