Көк, жасыл, қой көз, сұр, қара... Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан, генетикалық өзгерістердің барысында өзгеріске ұшыраған көздің түсі әр адамда әрқалай болады. Бірақ, сол көз түстерінің ішінде өмірде сирек кездесетін түрлері бар. Қай түс екенін білетін боларсыз?
Түп тегі Ескендірден деп аталып келе жатқан, генетикалық мутацияның барысында өзгерістерге ұшыраған түстердің бірі - күлгін түс. Бастапқы кезде тумысында мұндай адамдардың көздерінің түсі сұр немесе көк түсті болып келеді. Кейіндеп қана жарты жылға жуық уақыт өткенде күлгіндене бастайды. Аталған процесс алты айға созылып, тұнық күлгін немесе көк күлгін түстің бірі болып аяқталады. Бұның бәрі екі геннің қатар келіп қалғанынан болатұғын құбылыс. Бір жаман жері, адамның көру қасиетіне әсер етпесе де, "күлгінкөзді" адамның жүрек ауруларын қоздыратыны бар. Бірақ, мұндай ауру түрлеріне күлгін көзді адамдардың 7 пайызы ғана тап болады. Солардың ішінде аталған пайыздың белгілі бір мөлшері Элизабет Тейлорда болған. Ол өмір бойы жүрек мәселесімен алысып, ақырында жүрек ұстамасынан көз жұмған.
Екінші қатардағы сирек кездесетін көз түсі - қызыл түс. Және оның иелері альбиностар (туғанынан тері мен шашта дақ болады) болып саналады. Олардың көздерінің ішінде меланин болмағандықтан, көздері қызыл түсті болып келеді.
Содан кейінгі қатарда көздің кәріптас түсі мен анық қара түсі өмірде сирек кездеседі.... Ал ең сирек кездесетін көздің түсі -жасыл түс. Анығында, жер бетіндегі адам баласының 2 пайызында ғана жасыл түс ұшырасады. Оның өзінде де Солтүстік Еуропа жұртшылығында. Меланиннің аз ғана мөлшерін қабылдайтын болғандықтан, нәтижесінде адам көзі жасыл түсті болады.
Сурет: color-harmony.livejournal.com
Дайындаған: Фараби Бақыт