Samsung Electronics компаниясы 2012 жылы 400 миллионнан астам ұялы телефонын сатыпты. Бұл көрсеткіш жөнінен корейлік компания технологиялар нарығындағы өзінің басты қарсыласы саналатын Nokia компаниясынан озған.
Өткен жылы Samsung 407 миллион ұялы телефон сатыпты. Бұл 2011 жылғы көрсеткішке қарағанда 22,7 пайызға жоғары. Осы көрсеткіш бойынша бүгінгі таңда Samsung компаниясы ұялы телефондар нарығының 23,7 пайызын жаулап алған.
Ұялы телефондар сату жөнінде екінші орын Nokia компаниясында. Компанияның өткен жылғы нарықта 335,6 миллион телефоны өткен екен. Ол 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,5 пайызға көп.
Үшінші орынға 136,8 миллион телефон сатқан Apple компаниясы жайғасқан. Ал төртінші орында 65 миллион сатылыммен "ZTE" компаниясы болса, 55,9 миллион телефон сатқан LG компаниясы бұл тізімде бесінші сатыда тұр.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: sgh.ru