Ең мықты жануарлар

Ең мықты жануарлар
Фото: www.wallpapermania.eu

Жануарлар әлеміндегі ең мықты жануарды анықтау оңай емес. Себебі бұл жерде барлығы дене массасы мен көтерілетін жүк салмағының қатынасына тәуелді. 

Жолбарыс
Жолбарыстың салмағы 550 килограмға дейін жетеді. Оның салмағы сондай бола тұра, жолбарыс өз салмағынан екі есе үлкен массаны өлтіріп, ағаштың үстіне апара алады екен. 

Барыс
Бұл жыртқыш аң адамның сүйегі түгіл бөкеннің бас сүйегін оңай сындыра салады. Алайда барысты да ең мықты жануар деп атай алмаймыз, себебі ол өз салмағынан шамамен екі есе үлкен массаны ғана көтере алады. 

Үнді пілі
Үнді пілі бірнеше тонна салмақты көтере алатынын білеміз. Бір жағынан ол көп болып көрінгенмен, басқаша санасақ, ол өз денесінен 1,7 есе артық салмақты көтере алады екен.

Өгіз 
Адамдар өгізді жүздеген жылдар бойы жүк тасуға және жер жыртуға бекер пайдаланбаған. Өгіздер 900 келіге дейін тарта алады, ол өз массасынан 1,5 есе жоғары. 

Аю (гризли)
Бұл жыртқыш аң қорқынышты көрінгенмен, өзіне тең салмақты ғана көтере алады. Алайда оның өзі адам үшін өте көп, шамамен 500 килограмнан да жоғары.

Анаконда
Әлемдегі ең мықты жануарлар қатарына жатады. Оның дене массасы шамамен 250 келіге жетіп қалады. Анаконда өз салмағына тең массаны тұншықтырып, жұтып қоя алады. 

Қыран (Венценосный орел)
Патша қыраны әлемдегі ең мықты және Африкадағы ең ірі құс саналады. Бұл жыртқыш құс қауіпті сезсе, кенеттен шабуыл жасайды. Ол бабуиндерге, жыртқыштарға және адамдарға да шабуыл жасай береді. Қыран аспанға өз салмағынан 4 есе артық массаны көтере алады (шамамен 70 кг). 

Горилла

Горилланың қорқынышты түрімен қоса, салмағы да өте көп. Олардың ең ірісі өз салмағынан 10 есе артық массаны көтере алады. Ал салмағы орташа есеппен 135-250 килограмды құрайды. Горилладан барыстар да алшақ жүруге тырысады. Барыстардың әлсіз емес екені белгілі, оған қоса олардың қулығы мен жылдамдығы бар. 

Құмырсқа
Иә, құмырсқалар горилладан да қорқынышты (жәндіктер үшін) десек болады. Құмырсқалар әлемдегі ең мықты жануарлар санатына жатады. Сіздің аулаңызда төбешік құм жасап жататын қарапайым құмырсқалар өз салмағынан 20 есе артық масса көтере алады. Жапырақ таситын (листорез) құмырсқалар 50 есе артық жүк көтере алады. 

Саратан (қоңыз)
Бұл қоңыз өз салмағынан 850 есе көп жүкті көтере алады. Ал қи қоңызы өзінен 1140 есе артық салмақты көтере алады.

Сауытты кене
Рейтинг көшбасшысы сауытты кене болды. Бұл тым ұсақ жаратылыс барлығымыз таңертең көтеріп ішетін бір кесе шайды да көтере алмайды. Алайда ол өзінен 1180 есе жоғары салмақты көтере алады екен.

А. Жапатова