Ең қиын тіл қай тіл?

Әлемде үйренуге ең қиын тіл – баск тілі болып саналды. Оның қиындығы соншалық, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталған тілді шифр ретінде қолданған.  Нивх тілінде (Сахалин аралының солтүстік бөлігінде қолданылады) үшке дейін санаудың өзі оңай емес. Нивх тілінде сандар санайтын затқа байланысты әртүрлі дыбысталады. Аталған тілде санаудың жалпы 26 түрі кездеседі.  Табасаран тілінде (Дағыстаннның ресми тілдерінің бірі) септіктің 48 түрі бар. Эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы мен қарапайым зат есімдердің 253 жалғауы бар екен. Санскритте мәтін аударып немесе сол тілде жаза білу үшін адам оны кем дегенде 12 жыл үйренуі қажет.  Солтүстік америкалық үнді тайпасы Чиппеваның тілі – әлемдегі ең көп етістік формасы кездесетін тіл болып саналады. Тілде 6000 етістік формасы бар.  Ресей Федерациясының құрамындағы Карачаево-Черкесия Республикасында қолданылатын Абазин тілі жайлы бала кезден білмей, есейгенде үйреніп алу мүмкін емес деп айтады. Себебі тіл фонетикасы өте қиын.  Қытай тілінің толық сөздігі 87 000 иероглифтен тұрады. Олардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Ең қиын көне иероглиф се – «мылжың». Ол 64 сызықтан тұрады. Ал қазіргі таңда қолданыста жүргендердің ішінде – иероглиф нан. Ол 36 сызықтан тұрады. Мағынасы – «мұрын бітіп қалу».

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: baby.ru