Ең қиын тіл қай тіл?

Ең қиын тіл қай тіл?
  • Әлемде үйренуге ең қиын тіл – баск тілі болып саналды. Оның қиындығы соншалық, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталған тілді шифр ретінде қолданған. 
  • Нивх тілінде (Сахалин аралының солтүстік бөлігінде қолданылады) үшке дейін санаудың өзі оңай емес. Нивх тілінде сандар санайтын затқа байланысты әртүрлі дыбысталады. Аталған тілде санаудың жалпы 26 түрі кездеседі. 
  • Табасаран тілінде (Дағыстаннның ресми тілдерінің бірі) септіктің 48 түрі бар.
  • Эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы мен қарапайым зат есімдердің 253 жалғауы бар екен.
  • Санскритте мәтін аударып немесе сол тілде жаза білу үшін адам оны кем дегенде 12 жыл үйренуі қажет. 
  • Солтүстік америкалық үнді тайпасы Чиппеваның тілі – әлемдегі ең көп етістік формасы кездесетін тіл болып саналады. Тілде 6000 етістік формасы бар. 
  • Ресей Федерациясының құрамындағы Карачаево-Черкесия Республикасында қолданылатын Абазин тілі жайлы бала кезден білмей, есейгенде үйреніп алу мүмкін емес деп айтады. Себебі тіл фонетикасы өте қиын. 
  • Қытай тілінің толық сөздігі 87 000 иероглифтен тұрады. Олардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Ең қиын көне иероглиф се – «мылжың». Ол 64 сызықтан тұрады. Ал қазіргі таңда қолданыста жүргендердің ішінде – иероглиф нан. Ол 36 сызықтан тұрады. Мағынасы – «мұрын бітіп қалу».

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: baby.ru

Ж. FM