Адам тарихында ұрғашы масалардың шағуынан (еркек масалар тек өсімдіктерді ғана тістейді) 45 миллиардқа жуық адам мерт болған. Маса (немесе үнсіз маса) адам өміріне қауіпті көптеген аурулардың: безгек ауруының, сары безгегінің, денге, энцефалит, филириатоз және элефантиаздың (піл ауруы) жұқтырушы және тасымалдаушысы болып есептеледі. Тіпті қазіргі күннің өзінде аталған жәндіктердің салдарынан әр он екі секунд сайын бір адам өмірден озып жатыр.
Он жеті жыл өткен соң, 1894 жылы Мэнсонда безгек ауруының да себебі осы масадан болу мүмкіндігі туралы ой келеді. Ол өзінің жас оқушысы, Үндістанда тәжірибе алып жатқан жас дәрігер Роналда Россқа осы гипотезаны тексеруді тапсырады.
Росс ұрғашы безгек масасының Plasmodium паразитін өзінің сілекейімен тарататынын ең алғаш болып тапты. Ол өзінің теориясын торғайларға сынап көрді. Мэнсон болса теория жұмысын тексеру үшін өзінің туған ұлына Римнен дипломатикалық жүкпен алып шыққан безгек масасы арқылы ауру жұқтырды. (Қуанышқа орай, жедел хинин мөлшерінен кейін бала жазылып кетті).
1902 жылы Росс медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алды. Мэсонды Корольдік қоғамның өкілі етіп тағайындап, серілікке көтерді. Ол сондай-ақ, Лондон тропикалық медицина мектебінің құрушысы болды.
Қазіргі кезде масаның 2500 түрі белгілі, оның 400-і Anopheles тұқымдастары және олардың 40-ы безгек ауруын тарата алады.
Ұрғашы масаға қарағанда, еркек маса жоғары дауыспен ызыңдайды. Оларды си нотасымен беретін қарапайым камертонмен еліктіруге болады.
Ұрғашы маса құрғақты, сүтті көмірқышқылды, дене жылуы мен оның қимылын ұнатады. Терлеген адамдар мен аяғы ауыр әйелдердің маса құрбаны болу қаупі жоғары.
Испан және португал тілінде mosquito сөзі «кішкене шыбын» деген мағынаны білдіреді.
Форумда талқылау
Суреттер liveinternet.ru, ru.wikipedia.org, znaica.ru сайттарынан алынған