Тарының қауызына бүкіл дүниені сыйдырған қазақ сөзінде, оның дархан пейілі мен жүйрік қиялында шек бар ма?! Біз үнемі естіп, құлаққа сіңісті болып, тұрақты сөз тіркесіне айналып үлгерген сөздер қаншама ел аузында, халық жадында жүр. Бүгін Массагет оқырмандары соның біразымен таныс болады.
Ең тәтті нәрсе - жан. Ең ащы нәрсе - тіл. Ең қатты нәрсе - дін. Ең күшті нәрсе - ұят. Ең жүйрік нәрсе - көңіл. Ең жаман нәрсе - нәпсі. Ең ыстық нәрсе - бала. Ең суық нәрсе - мүрде. Ең қысқа нәрсе - ғұмыр. Ең опасыз нәрсе - дүние. Ең жақын нәрсе - ажал. Ең ұшқыр нәрсе - қиял. Ең нәзік нәрсе - сезім. Ең аздырғыш нәрсе - құлақ. Ең зор байлық - денсаулық. Ең зор кедейлік - надандық. Ең биік нәрсе - арман. Ең аласа нәрсе - мешеулік. Ең тұрақсыз нәрсе - бақ. Ең былапыт нәрсе - ауыз. Ең тұнық нәрсе - махаббат. Ең арзан нәрсе - сөз. Ең адал нәрсе - уақыт. Ең құбыжық нәрсе - өмір. Ең қараңғы нәрсе - көкірегі соқырлық. Ең қызық нәрсе - білім. Ең жаралағыш нәрсе - қасірет. Ең семірткіш нәрсе - жақсы сөз. Ең жақын дос - жан жар. Ең пасық нәрсе - жалқаулық.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: art.eubank.kz