Сіздер білесіздер ме? Ең ежелгі қала қайда орналасқан? Оның шығу тарихы қандай? Білмесеңіз, біліп алып, көңіл көтеріп, мақтанышпен айтып жүруіңізге болады. Әрине, адамзаттың жаратылуында Азияның бірінші орында тұратынын ескерсек, онда бүгінгі саяхатымыздың қай шамада болатынын сезіп тұрған боларсыз...
Ең ежелгі қала - Сирия астанасы Дамаск. Осы қала туралы айтылған ең алғашқы деректер б.з.д. 2500 жылдар аралығына жатады. Қаланың өзіне келетін болсақ, Барада (осы өзен туралы тарихта көп айтылады) өзенінің жағасында орын тепкен. Сондықтан да оның тарихы тым тереңде жатыр десек, артық айтқандық емес. Оның үстіне Хауа-Ана мен Адам-Атаның өмір сүрген уақыттарында пайда болды деген де болжамдар бар болып шықты...
Дамаск туралы ең алғашқы тарихи деректер XVI ғасырлар ширегінде бой көрсетеді. Ол уақыттарда аталған қала египеттік перғауындардың ықпалында болса керек. Кейінірек, Ассирия мен Жаңа Вавилон, Персия мен Ескендір Зұлқарнайын бастаған мемлекеттердің қарамағына өтіп шығады. Бұл уақыт - б.з.д. 85 жылдар.
Араға біршама уақыт салып, Дамаск қаласын б.з.д. 64 жылы Рим әскербасы Гней Помпей мемлекет қарамағына өткізіп алады. Оның мәнісі неде деп сұрасаңыз, біріншіден соғыс, екіншіден шетте тұрып әскер ұстайтын орталық ретінде маңызды рөл атқаратыны. Сол үшін де болар Дамаск қаласының бәсі жоғары тұрғаны. 395 жылдан бастап қала Византия қарамағына өтіп, мемлекеттің алынбас бөлшегіндей болып кетті.
Сурет: petrushanov.livejournal.com