Электронды темекілердің жағымды және жағымсыз жақтары

Электронды темекілердің жағымды және жағымсыз жақтары

Электронды темекі дегеніміз технологияның жетістігі ме әлде көзбояушылықтың бір түрі ме?

Жер шарында өмір сүріп жатқан адамдардың 90 пайызы күйзелістен құтылу үшін темекіге жүгінеді. Бұл жаман әдетке шалдығудың себебі мынады: ерексек адам қайталанатын тіршіліктен, іс-әрекеттен жалығып, күйзеліске салынғанда ананың аялы алақанын аңсайды. Ал бала күнімізде жылап қоя берсек болды емізіп, аузымызға емізікті салып қоятын. Темекі тарту да өз кезегінде дәл солай әсер етеді.

Шылым шегушілердің көбісі бұл әдеттен арылғысы келеді. Басты мәселе денсаулыққа одан бетер зиян келмейтіндей қалай арылуға болатындығында. Бизнесмендер саудасын жүргізу үшін игі істер жасадық деп, түрлі дәрілер мен антиникотиндік препараттар ойлап табуда.

 

Жақында ғана көршілес Ресейге жасанды темекілер келді. Көп ұзамай осы күндері біздің елімізге жетті. Көпшілік қауым жарқыраған жарнамасына қарап, бүкіл әлем жасанды темекіге көшкені дұрыс деп ойлап та жатыр.

Бірақ, бұл жасанды темекінің құпиясы неде, расымен де әдеттегі шылымдардың орнын баса алады ма? Оны тексеріп көру үшін E-Cigarette қытай маркасының темекісін алайық. Ішіндегі электронды дәмдеуіші болмаса, өзі нағыз темекіден айнымайды. Жоғарғы бөлігінде табактың орнында литий аккумулятор орналасқан. Әдеттегі темекіден алған әсерді алғыңыз келсе, өкпеңізді быраз қинауыңызға тура келеді.

 

Ал ұшында деміңізді ішке алғанда темекінің дәміне ұқсас дәм беретін светодиод орналасқан. Ал аккумулятор мен фильтрдың ортасында қыздыруға арналған электронды чип орнатылған. Ол адам демін өлшеп отырады.

Жасап шығарушылардың айтуынша, ауыстырмалы картридж фармацевтикалық никотинге толы капсула. Сатушылар әр түрлі маркадағы және дәмі де түрлі темекілерді ұсынатындықтан ол капсуланың ішінде шын мәнінде не нәрсе бар екенін анықтау қиын.

Құрылымын анықтадық, енді қалай жұмыс істейтінін анықтайық. Алдымен арнайы зарядтау құрылғысын компьютерге қосу арқылы зарядтап аламыз. Нұсқауында толығымен зарядтау үшін 2 сағат жететіндігі жазылған. Ал қуаты бір күнге жетеді. Расында қуаты төрт рет тартып көргеннен соң таусылып қалады. Бұл нұсқауда жазылған өтірік деерек.

Ал тартқан кезде шығатын түтін табактың дәмін еске түсіретін су, никотин және пропиленгликолден тұрады. Аталған заттардың ісікті қоздырмайды. Мұндай темекі түтіні адамның өзіне де қоршаған ортасына да жаман әсерін тигізбейтіндігі - жақсы жағы.

Бірақ, табак дәмін сездіретін заттар зиян. Ауыстырмалы картридждің біреуі 20 темекіге татиды деп жазылғанына қарамастан, небары бір рет тартып көруге жеткілікті.  

Зерттеулер нәтижесі бойынша, электронды темекіні тартқан сайын, шылым шегуді аңсай түсесіз. Сонымен электронды темекі зиянсыз, жаман әдетке жатпайтын, кез келген ортада денсаулыққа уайымдамай тарта беруге болатын әрі нағыз темекіні еске түсіріп тұратын технологияның озық мүмкіндіктерінің жемісі. Оның темекіні тастауға әсері төмен. Жарнамада көретініміздің, қорапта жазылған нұсқаудың 25 пайызы ғана шындыққа сәйкес келеді. Сол себепті электронды темекі жаман әдеттен арылудың тиімсіз жолы.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: whathou.ru

Қ. Бүйенбай