NASA ғарыш агенттігінің Spitzer обсерваториясында жүргізілген зерттеу жұмыстары экзоғаламшарлардың жасару мүмкіндігі мол екенін көрсетті. Лос-Анджелестегі (АҚШ) Калифорния университетінің ғалымдары жыл өткен сайын ресми ашылған экзоғаламшарлардың телескопқа көрінетін инфрақызыл кеңістіктігі жоғалатынын айтады. Жақында көзден тасада қалған кейбір ғаламшарлар біршама жасарғаннан кейін қайта көрінген.
Astronomy.com порталының жазуынша, жаңа зерттеу нәтижесі PG 0010+280 атауына ие экзоғаламшардың инфрақызыл сәуле таратып жатқандығын дәйектеген. Бастапқыда ғалымдар бұл ғаламшардың қосымша энергиясы екеніндігіне сенеді. Себебі зерттеу нысанының айналасында астероидтық сақина қалыптасқан.
Кішкене астероидтардан тұратын үлкен диск тартылу күшінің арқасында тұрақтылыққа ие болып отыр. Ал ғалымдарға белгілі болған қосымша сәулелер дисктегі астероидтардан шығуы мүмкін. Дегенмен Spitzer обсерваториясындағы сүбелі еңбек инфрақызыл сәулелердің өшіп қалған ғаламшардың өзінен шығып жатқанын нақты дәлелдеген.
Енді ғалымдар бұл үдерістің қалай орын алатынын зерттейтін болады. Себебі ғаламшарды жаңарту арқылы оның пайдалы қазбаларын қайта қалыпқа келтіруге болады. Егер Марс, Шолпан, Титан және Еуропа сынды сөніп қалған ғаламшарларды қайта жандандыру мүмкіндігі болса, адамның ғаламдағы тіршілік ететін территориясы үлкейетіні айдан анық.