Ғалымдар әртүрлі экранды гаджеттер, сонымен бірге теледидарлар жалпы алғанда адам өмірінің 30 жылын алатынын есептеп шығарды.
Жасалған есеп бойынша, адам күнделікті 9 сағатын экран алдында өткізеді екен. Бұл дегеніміз, аптасына 63, айына 274 сағат (айына 11 күн) деген сөз. Егер адам өмірі орташа есеппен 80 жыл десек, ол өмірінің 262 000 сағатын немесе 10950 күнін, басқаша айтсақ, 30 жылын экран алдында өткізеді.
Зерттеу көрсеткендей, әлем бойынша Ұлыбритания тұрғындары экран алдында, оның ішінде Интернетте көп отырады екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: apploidnews.com