Сырқаттарды Бақылау және Алдын алу орталығының ақпаратына сәйкес соңғы 20 жылдан бері тұрақты вакцина салудың арқасында 732 000 жас бүлдіршін қазіргі кезде қоғам арасында өмір сүріп келеді. Сонымен қатар, 322 миллион бала әр түрлі науқастардан аман қалған.
Ғалымдардың берген сынақнамаларына сәйкес олар зерттеу жүргізу уақытысынан бері 79 миллион америкалық балаға жасаған вакцина арқылы орташа есеппен әр бала төрт жұқпалы аурудан аман қалған. Көрсетілген сандарға байланысты ұлттық бағдарламаның нәтижесінде жүз мыңдаған адам түрлі аурулардан аман қалды.
СБАО есептеулері бойынша вакцина салу бағдарламасы 1994 жылдан бастау алып, вакцина салу деңгейі 90 пайызға дейін өскен.
Алдарыңызда болған АҚШ елінің көрсеткіштері болатын. Қазіргі уақытта вакцина салу өзекті мәселелердің бірі. Әр елдерде вакцина салуды жақтап немесе даттап жүргендер бар. Соған орай осыдан біраз уақыт бұрын өмір сүрген британдық жазушы, антрополог, биолог Альфред Рассел: «Екпе жасау – қоспасыз өтірік нәрсе... Екпе – ешбір өмірді сақтап қалмаған, бірақ ол өлімге тікелей жол ашатын көптеген аурулардың құралы. Келер ұрпақтың тұқымын жоятын адамзаттың ойлап тапқан нәрсесі»,- деп айтып кеткен болатын. Дегенмен бұл ойлар қорқуға негіз бола алмайды. Заманның алға басуына байланысты сан алуан ем түрлері пайда болады. Адамдар табиғи тұрғыда ауруларға төзімді болып келгенімен қолдан жасалған ауру түрлеріне төтеп бере алмайды. Қазіргі таңда аурудың миллиондаған түрлері бар және білмейтіндеріміз қаншама. Екпе егу кезінде дәрігерлердің ұқыпсыздығынан сары ауру секілді денсаулыққа қауіптілігі жоғары дерттердің тарап кету қаупі үлкен. Екпе шприцтерін бір ғана қолданысқа пайдаланып қауіпсіздік шараларын сақтап отыру керек.
Екпенің құрамында болатын заттар: сынап (тиомерсал/мертиолят), фенол, формальдегид, алюминий және т.б химиялық қоспалар.
Дайындаған: Нұрмаханұлы Нұрбол
сурет: distan-lessons