- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ежелгі жылқылардың көлемі...
Ежелгі жылқылардың көлемі мысықтай болған
Небраска Университетінің ғалымдарының айтуынша, қазіргі замандағы жылқылардың туысы осыдан 55,8 миллион жыл бұрын (эоцен дәуірінде) мысықтың көлеміндей ғана болған. Қазір жойылып кеткен Sifrhippus sandrae-ның салмағы 3,8 кг шамасында болды дейді зерттеушілер. Палеонтологтар бұл шешімді осы жануарлардың тісіне жасалған анализден соң шығарды.
Sifrhippus sandrae-ның балауыздан жасалған үлгісі
Sifrhippus термалдық максимум кезеңдерінде өмір сүрген. 56 миллион жыл бұрын басталып, 175 мың жылға созылған кезеңде планетадағы орташа температура Цельсий шкаласы бойынша 5,5 градусқа көтерілген. Осының әсерінен жер бетінде өмір сүрген сүтқоректілердің көлемі күрт кішірейген. Кейбіреулері тіпті екі есе кішірейіпті. Sifrhippus-ке келсек, олар алғашқы кезеңдерде 30 пайызға кішірейіп, салмағы 3,8 кг болған. 45 мың жыл өтіп, температура төмендеген соң, жануардың салмағы 6,8 кг тартқан.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай тенденция қазіргі кезде де болып жатыр. Бүкіләлемдік жылыну процесінің себебінен алдағы 100 жылда планетадағы орташа температура 4 градусқа артатындығы болжанып отыр.