Eco-Ride Жапонияның қоғамдық көлігіне айналмақ

Eco-Ride Жапонияның қоғамдық көлігіне айналмақ

Токио университетінің мамандары қала ішінде жүретін Eco-Ride аталған қоғамдық көліктің жаңа түрін ойлап тапты. Ол ешқандай қозғалтқышсыз, тек қана екі вагонмен ғана жүрмек. Жұмыс жасау принципі америкалық төбешіктерге (американские горки) ұқсас. Яғни ол потенциалдық энергияның кинетикалыққа айналуы нәтижесінде қозғалмақ. Егер оны 10 метр биіктікке орналастырса, ол 400 метр қашықтықты оңай еңсере алады екен. 

Eco-Ride маршрутының бекеттері бір-бірінен 100 метр қашықтықта орналаспақ. Алдын ала болжам бойынша, пойыз сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүйткиді. 

Құрастырушы мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде Жапонияның кейбір қалалары жобаға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Оның ең басты артықшылығы - экологиялық жағынан тазалығы болып отыр. Осы типтегі ең алғашқы пойыз 2014 жылы іске қосылады деп күтілуде. 

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: science.compulenta.ru

Б. Қосмағамбет