Дыбыстың неден тұратыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Мектепте дыбыс толқындары туралы оқығанымыз бар, бірақ біздің Ғаламшарымыздағы барлық зат қарапайым бөлшектерден тұратыны белгілі. Дыбысты толыққанды зерттеу үшін Стэнфорд университетінің физиктері өте сезімтал микрофонды ойлап тапты. "Квантты микрофон" фонон деп аталатын қарапайым дыбыс бөлшектерінің тербелуін де сезеді екен.
Фонон дегеніміз не?
Сонау 1907 жылы Альберт Эйнштейн фонондардың бар екенін болжаған. Фонон – толқынды қуаттың шоғыры. Олар қозған атом ретінде сәуле шашып, әртүрлі дыбыс жиілігі бейнесінде пайда болады. Әр фононда белгілі бір мөлшерде толқынды қуат көзі бар. Қуатты Fock терминімен өлшейді. Мысалы дыбыс толқынында 1 ғана фонон болса, онда 1 Fock дегендей.
"Квантты микрофон" дегеніміз не?
Квантты микрофон өте төмен температураға дейін салқындаған резонатор (дыбысты күшейтетін құрал). Бірақ кішкентай болғаны сонша қарапайым адам оны көзбен көре алмайды. Резонатор байланысқан электрондар жұбы айналып жүретін жүйеге қосылған. Дәл осы жүйе дыбыстарды қабылдап, талдау жүйесіне жібереді.
"Квантты микрофон" не үшін қажет?
Бірінші кезекте, дыбыс толқындарының құрамын зерттеу үшін керек. Сондай-ақ бұл құрал арқылы фонондардың түзілу процесін анықтауға болады.