Дүниенің сырын сіз мәңгі тауысып бола алмайсыз. Қаншалықты оқып, көп білдім деген күннің өзінде сіз біле бермейтін көптеген қызықты мәліметтер бар.
Лас Вегастың құмарханаларында сағат болмайды. Әр күні әлемде орташа есеппен 12 ата-ананың балалары алмасып кетеді. Шоколад ит үшін ең қауіпті тағам. Бірнеше талын жесе болғаны жүрек немесе миы тоқтап өледі. 19 ғасырдың 30 жылдары қызанақ дәрі ретінде пайдаланылған. Да Винчи бір қолымен сурет сызып, бір қолымен жазу жаза алатын адам. Қазіргі істетіп жүрген қайшыны осы Да Винчи тапқан. Да Винчи «Мона Лизаны» сызуға 10 уақыт жұмсаған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде материалдың тапшылығынан Оскардың «Алтын адамы» ағаштан жасалған. Құмға батып бара жатқанда шалқайып, аяғыңызды ақырын көтерсеңіз, батпайтын боласыз. Маса өлтіргіш дәрі ешқашан масаны өлтірмейді, қайта оның иіс сезу түйсігін өлтіріп, бағдарынан адастырады. Басы жоқ тарақан кем дегенде 10 күн өмір сүре алады. Жер шарындағы тауықтың саны адамнан әлдеқайда көп. Дүниедегі ең кедей 48 мемлекеттің бар байлығы мен өндіріс құны дүниедегі ең бай үш әулеттің байлығына жетпейді. Дүниедегі ең жас ата-ана Қытайда. 1910 жылы босанған. Күйеуі 10 жаста, әйелі 9 жаста. Адамның көзі өмір есігін ашқанда қандай болса, қазір де сондай. Ол өзгермейді. Ай дәл сіздің төбе тұсыңызға келсе, сіздің дене салмағыңыз сәл жеңілдейді. Саусақ бедері сияқты әр адамның тілінде өзінше бедер болады. Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтіндер саны АҚШ-тан көп. Нәресте дүниеге келгенде денесінде 300 парша сүйек болады. Ал, азамат болғанда денесінде 206 парша сүйек қалады. Құлаққапты бір сағат тағып музыка естісеңіз, құлақтың ішіндегі бактерия 700 есе көбейеді. Ерлердің көру қуаты, әйелдердің есту қуаты жоғары болады. Coca-cola өндіріле бастағанда жасыл түсті болған. Дүниедегі ең көп қойылған адам аты: Мұхаммед. Мысық аспанды көре алмайды. Балдың сапасы қанша тұрса да өзгермейді. Ұлу 3 жыл ұйықтай алады. Көбелектің иіс сезу мүшесі аяғында. Солтүстік ақ аюларының бәрі солақай. Піл секіре алмайды. 4000 жылдан бері ешқандай жабайы хайуанат қолға үйретіліп көрмепті. Оңқайлардың өмірі орташа есеппен солақайлардан 9 жыл ұзақ болады.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com