Дүниенің сіз білмейтін сырлары

Дүниенің сіз білмейтін сырлары

Дүниенің сырын сіз мәңгі тауысып бола алмайсыз. Қаншалықты оқып, көп білдім деген күннің өзінде сіз біле бермейтін көптеген қызықты мәліметтер бар.

  • Лас Вегастың құмарханаларында сағат болмайды.
  • Әр күні әлемде орташа есеппен 12 ата-ананың балалары алмасып кетеді.
  • Шоколад ит үшін ең қауіпті тағам. Бірнеше талын жесе болғаны жүрек немесе миы тоқтап өледі.
  • 19 ғасырдың 30 жылдары қызанақ дәрі ретінде пайдаланылған.
  • Да Винчи бір қолымен сурет сызып, бір қолымен жазу жаза алатын адам. Қазіргі істетіп жүрген қайшыны осы Да Винчи тапқан.
  • Да Винчи «Мона Лизаны» сызуға 10 уақыт жұмсаған.
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде материалдың тапшылығынан Оскардың «Алтын адамы» ағаштан жасалған.
  • Құмға батып бара жатқанда шалқайып, аяғыңызды ақырын көтерсеңіз, батпайтын боласыз.
  • Маса өлтіргіш дәрі ешқашан масаны өлтірмейді, қайта оның иіс сезу түйсігін өлтіріп, бағдарынан адастырады.
  • Басы жоқ тарақан кем дегенде 10 күн өмір сүре алады.
  • Жер шарындағы тауықтың саны адамнан әлдеқайда көп.
  • Дүниедегі ең кедей 48 мемлекеттің бар байлығы мен өндіріс құны дүниедегі ең бай үш әулеттің байлығына жетпейді.
  • Дүниедегі ең жас ата-ана Қытайда. 1910 жылы босанған. Күйеуі 10 жаста, әйелі 9 жаста.
  • Адамның көзі өмір есігін ашқанда қандай болса, қазір де сондай. Ол өзгермейді.
  • Ай дәл сіздің төбе тұсыңызға келсе, сіздің дене салмағыңыз сәл жеңілдейді.
  • Саусақ бедері сияқты әр адамның тілінде өзінше бедер болады.
  • Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтіндер саны АҚШ-тан көп.
  • Нәресте дүниеге келгенде денесінде 300 парша сүйек болады. Ал, азамат болғанда денесінде 206 парша сүйек қалады.
  • Құлаққапты бір сағат тағып музыка естісеңіз, құлақтың ішіндегі бактерия 700 есе көбейеді.
  • Ерлердің көру қуаты, әйелдердің есту қуаты жоғары болады.
  • Coca-cola өндіріле бастағанда жасыл түсті болған.
  • Дүниедегі ең көп қойылған адам аты: Мұхаммед.
  • Мысық аспанды көре алмайды.
  • Балдың сапасы қанша тұрса да өзгермейді.
  • Ұлу 3 жыл ұйықтай алады.
  • Көбелектің иіс сезу мүшесі аяғында.
  • Солтүстік ақ аюларының бәрі солақай.
  • Піл секіре алмайды.
  • 4000 жылдан бері ешқандай жабайы хайуанат қолға үйретіліп көрмепті.
  • Оңқайлардың өмірі орташа есеппен солақайлардан 9 жыл ұзақ болады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan