Кристиан Доплер «Доплер әсері» деп аталып кеткен физикалық құбылысты ашты. Қозғалыссыз тұрған пойызбен салыстырғанда, жақындап келе жатқан пойыздың гуілі күштірек, ал алыстап бара жатқан пойыздың гуілі әлсіздеу болады. Осы құбылыс Доплер әсері деп аталады.
Бұл құбылысты түсіндіру аса қиын емес. Біз еститін дыбыс тоны, құлаққа жететін дыбыс тербелісінің жиілігіне байланысты. Егер дыбысты шығарушы бізге қарсы келе жатса, онда әр келесі тербелістің жотасы біршама тез келеді, себебі бізге жақынырақ жерден жіберіліп отыр. Тербелістер құлаққа жиірек жететіндей көрінеді, сол себепті қатты шығады. Дыбыс шығарушы кетіп бара жатқанда, әр келесі толқын алысырақ жіберіледі, сол себепті құлағымызға алдыңғысынан кешірек жетеді. Сондықтан оны ақырын шығып жатқандай естиміз.
Дыбыс шығарушы емес, өзіміз жүріп келе жатқанда да дәл сондай жағдай орын алады. Егер біз толқынға қарсы жүгірсек, оның жоталарын жиі басамыз, және дыбыс қаттырақ сияқты сезіледі. Егер толқыннан кері жүгірсек — керісінше. Демек, шығарушы немесе дыбыс қабылдаушының қозғалу-қозғалмауы маңызды емес. Доплер әсерін бақылау үшін ең бастысы — бір-біріне қарсы жүруі. Бұл әсерді дыбыстан ғана емес, кез келген жиілік толқынынан байқауға болады — жарық және тіпті радиоактивті сәулеленуден де.
Доплер әсерінің арқасында, астрономдар ғаламшардың кеңейіп жатқанын байқаған — жұлдыздар бір-бірінен алшақтап жатыр. Соның арқасында планеталар мен ғарыш аппараттарының қозғалыс параметрлері анықталады. Доплер әсерінің негізінде жол полиция қызметкерлері көлік жылдамдығын анықтайтын радар жасалған. Дәрігерлер бұл әсерді ультрадыбыстық құрылғы арқылы көк тамырды күретамырдан ажырату үшін пайдаланады.
Бір қызығы, Доплер әсері радиоактивті сәулелену сияқты ауытқу жиілігі орасан зор, ал шығарушы мен қабылдағыш салыстырмалы жылдамдығы — бар-жоғы секундына миллиметр болған жағдайда да жұмыс істей береді. Яғни гамма-кванттар энергиясы Доплер әсерінің арқасында білінбес мөлшерге өзгереді. Бұл ядролық гамма резонансы спектрометрінде пайдаланылады (мёссбауэрлық спектрометрлерде).
Мұның бәрі Кристиан Доплердің арқасында іске асты. Ол 29 қараша 1803 жылы Зальцбургте туылды. 1825 жылы Венадағы политехникалық институтты бітірді, 1829-1833 жылдар арасында Венада жоғары математикадан сабақ берді. Кейін, бір жарым жылдай мақта-мата фабрикасында клерк болып жұмыс істеуге тура келді. Ол тіпті Америкаға қоныс аударуды ойлаған, бірақ профессор болуға Прагадан шақырту алады. Осылайша 1835 пен 1847 жылдар аралығында сонда жұмыс істейді. 1847 жылдан Доплер — Хемницте (Венгрия) Тау және Орман академиясының профессоры атанады, 1848 жылдан — Вена ғылым академиясының мүшесі. 1850 жылдан — Вена университетінің профессоры.
1853 жылы Доплер туберкулез ауруына шалдығып, ауруы асқынғандықтан Венецияға емделуге кетеді. Бес ай ауырғаннан кейін, 50 жасына жетпей, 17 наурыз 1853 жылы қайтыс болған.