Динозаврларға үнемі жаңа тіс шығып отырған

Динозаврларға үнемі жаңа тіс шығып отырған

Палеонтолог ғалымдардың жаңа зерттеуі динозаврларға өмір бойына жаңа тіс шығып отырғанын анықтады. Бұл эволюциялық өсіп-өнуге себепші болуы мүмкін факторлардың бірі. 

Зерттеушілер динозаврлардың бірнеше түрін, олардың ішінде диплодок, бронтозавр мен камаразаврды басты нысанға алып көрген. Тас болып қатқан қалдықтарын мұқият қарайлай келе, үнемі тіс ауыстырып тұру мүмкіндігі динозаврларға қорекке қажет өсімдіктердің үлкен мөлшерін жалмауға және бір-бірлерімен азық үшін арпалысудың алдын алуға мұрындық болғаны белгілі болыпты.

Ертеректе ғалымдар динозавр өмірінде тістің маңызды рөл атқарғанын анықтай алғанмен, аталған механизм жұмысына жан-жақты талдау жасай алмап еді. 

Диплодок пен камарозавр Жер бетінде шамамен 150 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Негізінен АҚШ-тың батыс бөлігінде мекен еткен деседі. Және денелері алып, мойындары ұзын болғанымен, тістері майда келгенге ұқсайды. Дәл осы бір сәйкессіздік палеонтологтарды мазалап келген екен.

Зерттеушілер диплодоктың тістері айына бір рет, камаразаврдікі бірнеше айда бір рет қайта шығып отырғанын алға тартуда. Бұған диплодоктың қатты өсімдікті, ал камаразаврдың одан да аса жұмсақ, жас бұтақтарды қорек еткені себеп болуы кәдік. Зерттеушілер екі динозаврдың тістерінің пішіні мен мұқалу түріне қарай отырып, анықтауға тырысқан.    

сурет:dinozavrikus.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига