Дәрігерлер 12 жасар баланың өкпесінен тірі балық тапты

Дәрігерлер 12 жасар баланың өкпесінен тірі балық тапты

Үндістан дәрігерлері өте сирек кездесетін операция жасады: 12 жасар баланың өкпесінен тірі балықты алды. 

Анил Бареле деген үндіс жылғада ойнап жүріп, судан ұстап алған тірі балықты жұтып жіберген. Алайда ауланған балық баланың асқазанына емес, оның өкпесіне бір-ақ барып түскен. Өкпеге түскен балық шорши бастаған кезде, балаға ауа жетпей, тұншыға бастайды. 

Тынысы тарылғаннан көгеріп кеткен Анилді әке-шешесі бірден ауруханаға жеткізеді. Жасалған рентген суреттеріне қарағанда, бала өкпесінде кішкене балықтың бар екені анықталып, оған жедел түрде операция жасалады. Операция 45 минутқа созылған. Бір қызығы хирургиялық жәрдем кезінде алынған балық әлі тірі болып шыққан. 

Хирургтар өздерінің ұзақ жылдық тәжірибесінде тұңғыш рет тұншығудың осындай ерекше түрімен кездескендерін мойындады,- деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. 

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM