Дальтониктер түс ажырата алады

Дальтониктер түс ажырата алады
Фото: kibika.com

Дальтониктер әлемді қара-сұр түсте ғана көреді деп ойласаңыз, қателесесіз. Дальониктердің 99%-ы түсті ажырата алады. Түстерді ажырата алмау әйел адамдарда 0,5% ғана кездессе, ер адамдардың 8%-ында бұл ақау бар.

Сонымен қатар, дальтонизмнің бірнеше түрі бар: дейтераномалия (барлық түстердің солғын тартуы), протанопия (түстердің жасыл реңкке ие болуы), тританопия (жазыл-қызғылт реңктің басым болуы), монохромазия (толық түс соқырлығы).

Қалыпты жағдайда

вввв

Дені сау адамдар түстерді осылай көреді.

ввв

Дальтонизмның кеңінен таралған түрі – дейтераномалия. Ол 4,63% ер адамдарда,  0,36%  әйел адамдарда кездеседі. Дальтонизмнің бұл түрімен ауыратын адамдар түстерді анық көрмейді. Әсіресе, қызыл мен жасыл түс солғын көрінеді.

ввв

Протанопия дертіне шалдыққанда қызыл мен жасыл түсті солғын түстер ретінде көрсе, сары мен көк өз реңін сақтайды. Бұл 1% ер адамдарда кездессе, небәрі 0,1% әйелдерге тиесілі.

 ыыыы

Тританопиямен ауыратын адамдар барлық түсті жасыл-қызғылт түсте көреді. Дальтонизмің өте сирек кездесетін бұл түрі, әйелдер мен ер адамдарда 0,0001% ғана кездеседі.

ыыы

Толық түс соқырлығы немесе монохромазияның кездесу мүмкіндігі – 0,00003%. Олар барлық түсті тек ақ пен қараның түрлі реңкі бойынша көреді.

Одан бөлек, әлемді олар қалай көреді деген сауал тууы мүмкін. Ендеше назарларыңызға мынаны ұсынамыз:

ыыыы

Кемпірқосақ

ввввв

Бағдаршам

ввв

Қызғалдақтар мен сарғалдақтар

ввввв

Қызанақтар

вввв

Леонид Афремов, "Түн әуендері"

ввв

Ойындар

вввв

 Фрида Кало

Т. Есқали