Еуропа ғарыш агенттігі ұшырған «Розетта» ғарыш зонды кометаның сыртқы қабатында оттегі бар екенін мәлімдеді. Осыған орай ғалымдар оттегінің кометада Күн жүйесінің қалыптасуынан да ертеректе бар қалғанын болжап отыр. Бұл ғаламшарлардың бір тізбекте торапталуы туралы теорияны басым бөлігін жоққа шығарады.
«Розетта» ғылыми жобасына қатысушы Кэтрин Альтвегг (Берн университеті) есімді швейцариялық ғалымның айтуынша, аталған ғарыш аппараты оттегін Чурюмова–Герасименко (67P/Churyumov – Gerasimenko) кометасын айнала қоршаған атмосфераның құрамынан тапқан. Ғалымдар бұл зерттеу нәтижесіне көпке дейін сене алмаған. Себебі комета бірнеше жылда бір рет Күнге тым жақын ұшып өтеді. Ал оттегі Күн температурасына көпке дейін төзе алмайтыны анық.
Палеонтологтар оттегі кометаның ғарыш тозаңынан қалыптаса бастаған кезде пайда болғанын тұспалдайды. Демек ол Күн жүйесі қалыптаспай жатып бар болған.
Естеріңізге сала кетсек, Philae модулін өзінде қамтыған Rosetta ғарыш аппараты Чурюмова–Герасименко кометасына 2004 жылы ұшырылған болатын. Арадан 10 жыл өтіп, аппарат кометаның орбитасына жетеді. Ғарыш нысанына сәтті қонған модуль осыған дейін көптеген ақпараттарды Жерге жіберіп үлгерді. Жоспар бойынша оның жұмысы 2016 жылдың қыркүйегінде тәмамдалуы тиіс.