- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Біздің өлімімізден соң...
Біздің өлімімізден соң санамызға не болмақ?
Ешқашан физика мен математиканы түсінбесеңіз де, жұлдыздар әлеміне қызыққан шығарсыз?! Жұздыздар әлеміне сапар шеккіңіз келсе, атақты физик Стивен Хокингтің түсінікті әрі қолжетімді кітаптарын оқуыңызға болады. Осыдан 8 жыл бұрын атақты басылымдардың бірінде ғалым оқырмандар сұрағына жауап берген болатын. Ендеше, соны назарларыңызға ұсынамыз:
Кеңістіктің шегі бар ма? Егер бар болса, оның шекарасын қалай білеміз?
Бақылауларға сүйенсек, кеңістік адам сенгісіз жылдамдықпен кеңейіп келеді. Ол мәңгілік өз өлшемін өзгертеді, бос әрі қараңғы болатүсері анық. Оның шегі болмаса да, бастауы бар – Үлкен Жарылыс.
Қалай ойлайсыз, біздің даму үрдісіміз бен заман ағымы ғарыш әлеміне еркін саяхаттау мүмкіндігі туғанша өмір сүре ала ма?
Меніңше, Күн жүйесін бағындыру үшін қажетті түрде өмір сүре аламыз. Дегенмен, Жерден басқа Күн жүйесінде бізге қажетті ешнәрсе жоқ. Адамзаттың мәңгі өміріне кепіл беру үшін жұлдыздарға қол созу керек. Ол ұзақ уақытты керек етеді. Ал, өмір сүру мүмкіндігіміздің барын жай ғана үміттенейік.
Альберт Эйнштейнмен сөйлесу мүмкіндігі туса, не айтар едіңіз?
Одан неге қара құрдымға сенбегенін сұрар едім.
Өз заманыңыздың ғылыми жаңалығы ретінде нені көргіңіз келеді?
Мен термоядорлы реакцияның қуат көзіне айналғанын қалар едім. Бұл жахандық жылынусыз, экологиялық апаттарсыз сарқылмайтын қуат көзін берері анық.
Біздің өлімімізден соң санамызға не болмақ?
Меніңше, ми – компьютер, ал сана – компьютерлік бағдарлама. КОмпьютер сөнген кезде, бағдарлама өз қызметін тоқтатады. Теориялық түрде, нейрожүйені қайта құруға болады. Бірақ, бұл – өте қиын жұмыс. Өйткені, бір адамның бар естелігін сандық жүйеге айналдыруға тура келеді.
Сіз бір күні адамдардың барлығы физиканы түсінетін жағдайға жетеді деп ойлайсыз ба?
Ондай сәт тумайды деп сенемін. Туа қалса, мен жұмысымнан айырылар едім.