Зерттеушілердің бүгін сіздерге қояр сұрағы: сіздер неге оң қол мен сол қолды шатастыра бересіздер?
Иә, шынында да көптеген адамдар жүйке жүйесі дұрыс істей тұра, оң қол мен сол қолды шатастырып жатады. Әсіресе, әйел қауымы бұл қатарда әңгімеге тұздық болып отыр. Өйткені, аталған нәзік жандылар космостық тұрғыда ойлануға қауқарсыз...
Мысалы, суретті ойша айналдыру арқылы оның дұрыс екенін немесе айнаға шағылысқанын анықтау.
Сөйтсек, теория бар болып шықты, шатастыра беру үйлесімсіздігі бас миының жартышарларынан екен. Ғалымдардың айтуы бойынша, дауыстың бар салмағы, яғни есту қабілеті құлақтың бір жағына ыңғайланған адамдар асимметрияға шалдыққан болып саналады. Нәтижесінде оң жағы мен сол жағын шатастырады деп сендіреді.
Сіз қалай ойлайсыз, себеп неде?
сурет:fakty.mobi
Дайындаған: Фараби Арыстанбек