Біз ескермейтін құпия қызықтар...

Біз ескермейтін құпия қызықтар...

Кейде өз көзімізбен көріп жүрсек те, байқамайтын, ескермейтін өмірдің сан қилы қызықтары болады. Мүмкін өзіңізге пайдалы кеңестерді де тауып қалуыңыз ғажап емес. Үнемі болмаса да, кей сәттерде назар аударып қоюға татитын деректерді ұсынамыз. 

1. Лас-Вегастағы құмарханалардың барлығында сағат болмайды;

2. Әр күні жаңадан туылған 12 нәресте өзге ата-анаға беріледі;

3. Шоколад ит тұқымдас хайуанаттар үшін жан алғыш тағам, тек азға жесе иттің жүрегі мен жүйке жүйесін зақымдап өлтіреді;

4. Леонардо да Винчи бір қолымен жазу жазса, енді бір қолымен сурет сыза алады;

5. Қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан;

6. Мона Лизаның ернін сызуда Леонардо да Винчи 10 жыл уақыт жұмсаған;

7. ІІ дүниежүзлік соғыста берілген Оскар сыйлығы ағаштан жасалған, өйткені ол кезде әр елде металь өте тапшы болатын;

8. Иіссу тегінде маса жолатпау қасиетіне ие емес, қайта ол масаның сезу түйсінігіне ықпал етеді, сондықтан да адамды таба алмай қалады;

9. Тіс шөткесін қол жуатын жерден 2 метр алысқа қойғаныңыз жөн, өйтпегенде дәрет күбісін сумен шайғанда шыққан көзге көрінбейтін, кеңістікте қалқып жүрген лас заттар "іздеп келіп", тіс шөткісіне қонады дейді тіс дәрігерлері;

10. Жолақты нөмірлерді ең алғаш қолданған тауар «жебе» маркалы иісті шайыр;

11. Майкл Джорданның «Nike»-дан алатын жылдық кірімі Малайзиядағы «Nike» зауытында істейтін барлық жұмысшылардың еңбекақысының қосындысынан да жоғары;

12. Гитлердің шешесі оған жүкті кезінде бала түсіру ойында болған, алайда дәрігердің кеңесімен бұл ойынан әзер қайтқан;

13. Әр адам бір өмірінде 18 килограмм тері түлейді;

14. Адам орта есеппен 7 мин ішінде ұйқыға кетеді;

15. Басы жоқ тарақан 10 күн өмір сүре алады;

16. Адам түшкіргенде көзін аша алмайды;

17. Мексика қаласы әр жылы 25см шөгеді;

18. Жер шарында тауық адамнан да көп үй құсы;

19. Жер бетіндегі 48 ең кедей елдің мал-мүлкінің қосындысы, әлемдегі ең бай үш отбасының мал-мүлкінің қосындысына жетпейді;

20. «Marlboro» темекісін өндіретін серіктіктің алғашқы директоры өкпе рагінен қайтыс болған;

21. Зерек адамдардың шашының құрамында мырш пен мыс құрамы көп болады екен;

22. Әлемдегі ең жас ерлі-зайыптылар 1910 жылы Қытайда тіркелген, олардың жасы жеке-жеке 8 жас жане 10 жас;

23. Туылғаннан бастап, адамның көзі ешқашан үлкеймейді. Алайда мұрын мен құлақ жастың ұлғаюына қарай тоқтаусыз өсіп отырады;

24. Адам 10 күн ұйқысыздыққа төзе алады;

25. Пиаз турағанда иісті шайыр шайнаса, көзден жас ақпайды;

26. Ай нақ төбемізде болғанда, салмағымыз жеңілдейді;

27. Телефонды ойлап тапқан Александр Беир шешесі мен әйеліне телефон шалып көрген емес, өйткені олар керең болатын;

28. Жер бетіндегі адамдардың саусақ табының әртүрлі болатыны сияқты, тіл табы да бір-біріне ұқсамайды;

29. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» деген сөйлемде ағылшын тілінің 28 әрпі толық қолданылған;

30. Егер барлық қытайлық қатарға тұрып, алдыңнан өтсе, бұл қатар сенің бір ғасырлық ғұмырыңда да таусылмайды екен;

31. Жаңа туылған нәрестеде 300 парша сүйек болады, есейе келе 206-ға айналады;

32. Сақал-мұрт адам денесіндегі ең тез өсетін түк болып, алмасаңыз 9 метрге дейін ұзарады екен;

33. Ең ұзын жер аты: Taumatawhakatangihangaoauauotameteaturi-

Pukakpikimaungahoronukupokaiwhenuakitanatahu, бұл Жаңа Зеландиядағы бір құмдықтың аты;

34. Дүниедегі ең көп кезігетін адам аты: Мұхаммед;

35. Кока-Кола алғаш өндірілгенде жасыл түсті болған;

36. Доңыз аспанды көре алмайды;

37. Картадағы 4 патша тарихтағы 4 патшаға уәкілдік ететінін білесіз бе?! Олар: қарғаның патшасы Давид патша, шыбынның патшасы Александыр патша, қызыл-айырдың патшасы Чарли патша, қиықтың патшасы Ғайса патша;

38. 111111111 × 111111111 = 12345678987654321;

39. Әлем мүсіншілерінің мынандай да құпиялықтары болады екен. Мысалы, атқа мініп тұрған батырдың мүсініне қарап, оның қалай өлгенін білуге болады. Егер шауып бара жатқан аттың төрт аяғы жерге тимеген болса, онда ол соғыста өлген. Егер атының алдыңғы бір аяғы жерге тимеген болса, онда ол соғыста жараланып кейін өлген. Егер төрт аяғы да жерде болса, онда табиғи себептерден өлген;

40. Піл секіре алмайды;

41. Адамдардың басым көпшілігі өлімнен гөрі өрмекшіден қатты қорқады екен;

42. Көбелектің иіс сезу түйсігі аяғында болады;

сурет:disastersafety.org

Дайындаған: Алшын Матай

Қ. Қауымбек