Біз білмейтін!

Біз білмейтін!

Бүгін сіздердің назарларыңызға қызықты деректер топтамасын ұсынғымыз келіп отыр. Бәлкім, іздегеніңіз алдыңыздан шығар.

1. Жирен шашты адамдарға операция кезінде анестизия 20 пайыз көп қолданылады. 

2. Әрі құстың, әрі рептилияның, әрі сүтқоректілердің гені кездесетін жер бетінде бір ғана тіршілік иесі бар. Ол - үйректұмсық.

3. 2017 жылға дейін болуы мүмкін дейтін дауылдардың бәрінің өз аттары бар.

4. Индианадағы мемлекеттік абақтыда жатқан қылмыскерлерге мысық ұстауға рұқсат берілген.

5. Жарыққа қарап түшкіргісі келетін генетикалық белгі жер бетіндегі адамдардың 35 пайызында бар болып шықты.

6. Солтүстік Кореядағы Киджондон атты елді-мекен - Оңтүстік Корея жақтан қарағанда көзге көрінетін жалғыз орталық болып саналады. Айта кететін болсақ, аталған елді-мекен еліктеме саясатты насихаттау барысында арнайы салынған. 

7. Бір кездері ірі теңіз шаяндары, яғни омарлар тек кедейлердің асы болып саналған (Мәселен, Канадада). Тіпті, үй иелері көршілеріне өз кедейліктерін көрсетпеу үшін, омарларды үй алдына көміп тастайтын болған. 

8. Эйфель мұнарасының биіктігі 15 сантиметрге дейін температураның әсерінен өзгере алады.

9. Жер бетінде әр адамға 150 миллион жәндіктен келеді. 

10. Қазіргі таңда жер бетінде 27 миллионнан аса құл өмір сүреді.


сурет:pixabay.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига