Біз білмейтін!

Біз білмейтін!

Өмірден шаршадыңыз ба? Біреу ренжітті ме? Бұл сұрақтарға жауап іздеместен бұрын, осы бір қысқа да нұсқа деректерге көз жүгірте кетіңіз. Мүмкін, бәрі оңайға түсер.

Қытайдың ең бірінші императоры Цинь Шихуан-ди (б.з.д. 259—210ж.ж.) сынап қосылған "өлместің сусынын" ішіп барып, көз жұмған екен.

 

Америка президентінің құрыштан жасалған ең бірінші көлігі сол кездегі аты шулы Аль Капоннан тәркіленген.

 

1920 жылдары бүкіл Германия халқының көпшілігі шектен тыс инфляцияның арқасында психикалық кеселге шалдыққан. Нәтижесінде суреттерге кіл нөл салу үрдісі күн санап арта түскен.

Соңғы рет 1864 жылы іске қосылған сағат Жаңа Зеландияда әлі күнге жүріп тұр.

Американдық пианист Кит Джаррет концертін жөтел бұзғанын қаламайтындықтан, үнемі тыңдармандарына жөтелуге қарсы емдіктер туралы айтып отырады. 

Термиттер қағаздың бір бөлігін кеміру арқылы екі литрге жуық сутегін шығарады. Ал бұл дегеніміз, әлемдегі ең тиімді биореактормен пара-пар деген сөз. 

Аралар теріс қарап тұрып та алдыға қарай ұша алады.

Банан пальмасы - шын мәнінде ағаш емес, шөп.

Әлемге әйгілі лохнестік құбыжықтың суретін түсірген адам өлместен бұрын суреттің жалған екенін айтып кеткен.

Жапонияда адамдарды күлуге, эмоцияны дұрыс шығара білуге үйрететін арнайы мектептер жұмыс істейді.

суреттер:tokyodreamer9.tumblr.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига