Ұлт Достастығы ғылыми-зерттеу ұйымының (SCIRO) ғалымдары Аустарлия жағалауындағы жанартауларды зерттеу барысында балықтың бұрын-соңды белгісіз болған түрін анықтады. Балықтың көлемі кіші болса да, жыртқыш кейіпті тістері бар.
Айта кетелік, ғалымдар су астындағы жанартаулардың белсенділігін зерттеуді мақсат еткен болатын. Ал жанартау бөктерінде табылған балықтар экспедицияның жоспарын өзгертіп жіберген. Маринология саласының профессор Иэн Сатерстің айтуынша, жанартаудан шыққан жер асты минералдары жақын аймақта қойылған лобстер тұқымдарына әсер еткен.
«Лобстер қосмекенді болғандықтан, олар су бетінде де еркін жүре алуы керек. Бірақ мутацияға ұшыраған балықтар су бетінде өмір сүре алмайды екен. Демек олар лобстер тұқымынан шықпаған болуы да мүмкін. Олар көбіне мұхиттың терең шұңғымаларында тірішілік етеді. Ендігі мәселе мұның қандай көлемге дейін өсетіні мен қай аймақтарда тарағанын анықтау болып отыр», - дейді Иэн Сатерс.
Ғалымдар әзірге жаңа балықтың түріне атау беріп үлгермеді. Лобстердің мутациясының Амазонка өзенінде тірішілк ететін пирания балығымен туыстық жақындығы бар болуы мүмкін.