- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бүркіттің жас атаулары...
Бүркіттің жас атаулары
Бүркіттің жасы туралы әртүрлі айтылымдар бар. Әр жердің құсбегілері әр алуан атаулармен атайды. Көнекөз қариялардың айтуынша, 33 түлеген құсты көзімен көргендер болыпты. Бірақ, қазақ құсбегілері құс жасын ең ұзағанда 12 жасқа дейін айта алады.
Құсбегілер көбірек айтатын құс жасын төмендегідей төрт түрге бөлуге болады:
1-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Мұзбалақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
9 жас ———— Май түбіт
10 жас ———— Барқын
11 жас ———— Баршын
12 жас ———— Шөгел
деп бүркіттің 12 жасын 12 мүшелге немесе буынға дейін көрсетеді.
2-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Қу түлек
9 жас ———— Сұм түлек
Одан кейін кәрі бүркіт, Мола деп бүркіттің мүшел жасын он буынға бөледі.
3-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Қан түбіт
3 жас ———— Тірнек
4 жас ———— Тас түлек
5 жас ———— Қанды балақ
6 жас ———— Көк түбіт
7 жас ———— Қана
8 жас ———— Жана
Одан кейін Мола тоғыз буынға бөледі.
4-түрі:
1 жас ———— Балапан
2 жас ———— Тірнек
3 жас ———— Тас түлек
4 жас ———— Ана
5 жас ———— Қана
6 жас ———— Жана
7 жас ———— Құм түлек
8 жас ———— Баршын
9 жас ———— Қоңыр түлек
10 жас ———— Кәрі түлек
11 жас ———— Ақ түлек
12 жас ———— Ақыр түлек
Кейбір құсбегілер бүркіттің тұмсығындағы ирегін санап, құс жасын межелеп жатады. Бірақ, құс тұмсығындағы ирек 8-9-ға барғаннан кейін тоқтап қалады. Одан кейінгілерін қу тұмсық дейді.
Қосымша жаңалық:
Жақында интернет бетінде жарияланған мына суреттер құстану саласындағы ғалымдардың өзін қайран қалдырған.
Танзаниядағы бір жабайы хайуанаттар қорығында жетілген крокодил баласын аулаған бүркіт. Мұны суретке түсіріп алған жол бастаушының айтуынша, қаншама жыл жабайы жануарлар тұрмысын зерттеумен айналысып келсе де, дәл мұндай таңғажайыпты тұңғыш рет көруі екен.
Ал біз, қазақтар, қыран бүркіттің қасқыр, қарақұйрық, елік сынды ірі аңдарды аулайтынын жақсы білеміз. Ашынса, адамға да түсер сәттерін көрмесек те, естіп жүрміз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: zoomet.ru
Қ. Қауымбек