Буратиноның арманы орындалды

Буратиноның арманы орындалды

Буратиноның аңыз болып көрінетін армандары ақиқатқа айналды. Аустралиялық зерттеуші-ғалымдар алтынның жаңа көзін тауып отыр. Ол – Аустралияның адам қоныстанбаған аймақтарындағы эвкалипт ағаштары.

Өсімдіктердің жапырақтары арқылы минералдарды, оның ішінде алтынды сіңіре алатындағы бұрын да белгілі болатын. Алайда, ғалымдар өсімдік минералдарының бастуы жердің ең төменгі қабаттарынан алынатындығын толық дәлелдей алмаған еді. Жаңа ашылудың авторлары таяуда алтын өндірудің жаңа беттерін ашатындықтарына үміттенеді.

Ғылыми есепте көрсетілген нәтижелер Аустралияның оңтүстік және батыс облыстарында өсетін эвкалипт, акация ағаштарында созылыңқы, тармақты тамырлар жүйесі бар екендігін айтады. Құрғақ кезде бұл тамырлар су іздеу мақсатында жердің ең терең қабаттарына дейін өсіп бара алады. Терең болғандығы соншалықты, кейбір тамыр алтын жатқан жерге дейін жетеді екен.

Зерттеу тұжырымдары бірер күні бұрын ғана Nature Communications атты онлайн-журналда жарияланды. Және алтынның биогеохимиялық өндіру әдісі күллі әлемді таңғалдырып отыр.

Алайда, алтын жапырақтар үшін Аустралияға асығудың еш қажеті жоқ. Себебі, осы әдіспен алынған алтын бөлшектерінің кішкентай болатындығы соншалықты, арнайы құралдармен қамтамасыз етілген мамандар ғана көре алады.

 Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net