- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бұл дүниеде не...
Бұл дүниеде не артық?
Бұрынғылар "Бәленнен түген артық" деген тәсілмен біраз аталы сөз қалдырған екен. Мұның бәрі де жұрт жүрегінде жатталып, мақал-мәтелге айналып кетті. Сіздерге соның біразын ұсынайын. Ал қалып қойғандары болса, пікір ретінде жалғай жатарсыздар.
- Көр кеуде періштеден, көпті көрген пері артық.
- Ақылсыз достан, ақылды жау артық.
- Адамшылығы жоқ адамнан, ессіз хайуан артық.
- Сұлудан сүйкімді артық.
- Байламы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық.
- Дау кемірген жігіттен, боқ кемірген ит артық.
- Көрген көзден, берген қол артық.
- Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық.
- Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
- Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
- Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
- Өлген арыстаннан, тірі тышқан артық.
- Алтын басты әйелден, бақыр басты ер артық.
- Мың естігеннен бір көрген артық.
- Қайырымсыз туыстан, қайырымды жат артық.
- Жаман туыстан, жақсы көрші артық.
- Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған су мұрын артық.
- Арамнан алған түйеден, адалдан алған түйме артық.
- Қарау байдан кеуделі кедей артық.
- Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.
- Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық.
- Ез тірліктен, ер өлім артық.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: mongolianislam.com
Қ. Қауымбек